• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:54:24
Алматы
+35°

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің  профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарының тізімін Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырған. Рейтинг негізіне ғалымдардың бүкіл библиометриялық мәліметтері, мансабындағы барлық дәйексөздері алынады.

Сәрсенбек Монтаев кейінгі жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады.

Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы қызметін атқарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір