• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:02:46
+35°

Қазақстанда Экстракорпоральды ұрықтандыру жоғары сапалы әрі шетелдегі процедураларға қарағанда айтарлықтай арзан саналады, деп хабарлады energyprom.kz порталы.

Алайда Қазақстандағы өмір сүру сапасының төмендігінен процедура ел азаматтары үшін қолжетімді деуге келмейді.

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы мамандарының айтуынша, елдегі әр алтыншы жұп бедеулікке шалдыққан. Науқастардың 45 пайызы диагнозды жеңіп, жасанды ұрықтандыру технологияларының көмегімен ғана бала туа алады. Қазақстанда репродукция орталығы ашылған 25 жылда ЭКҰ арқылы 25 мың сәби дүниеге келген. Ал «пробиркадан» шыққан тұңғыш қазақстандық қыз Алеся Ли Шиннің өзі табиғи жолмен ана атанған.

 

Қазір Қазақстанда экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламалары 27 медициналық орталықта жүзеге асырылып жатыр. Ірі қазақстандық клиникаларда бастапқы стандартты ЭКҰ хаттамасының орташа бағасы 450 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін. Маңызды: бұл сома эмбриондарды криоконсервациялау және жібіту, бедеулік еркектен болса СИЦИ әдісімен ұрықтандыру (ICSI — Intra Cytoplasmic Sperm Injection, сперматозоид интрацитоплазматикалық инъекциясы сияқты медициналық қызметтерді қамтымайды және қосымша төлейді. Бұл қосымша тағы 400–500 мың теңге. Көптеген жұп үшін осы процедуралар ұсынылады және көбіне бағдарламаның сәтті болуы үшін қажет.

Шығындардың үшінші бөлігін дәрі-дәрмек құрайды. Алматы репродуктивті медицина институты дәрігерлерінің алдын ала болжамы бойынша, хаттамадағы әйелге арналған дәрі-дәрмекке қосымша 50–500 мың теңге жұмсалуы мүмкін. Гормоналды ынталандыру мөлшері мен дәрі-дәрмектің мөлшері диагнозға байланысты. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар өз қаражатына тест тапсыруы керек. Бұл – шамамен 150 мың теңгеге артық. Осылайша, пациенттер хаттаманы бастағанға дейін резервте болуы керек ең жоғары сома 1,65 млн теңгені құрайды.

 

ЭКҰ туралы шешім қабылдаған әрбір үшінші жұп бұл соманы тағы екі немесе тіпті үш есе көбейтуі керек, өйткені әрбір үшінші ЭКҰ хаттамасы ғана босанумен аяқталады.

Соңғы жылдары қазақстандық емханаларға аталған процедура үшін Орталық Азия жақын елдерінің азаматтары да, Германиядан, Қытайдан, АҚШ-тан және Түркиядан да көбірек келе бастады. Өйткені Қазақстанда жасанды ұрықтандыру бағдарламасының тиімділігі дамыған елдердегідей жоғары, екінші жағынан емдеу соншалықты қымбат емес.

Егер ҚР-да стандартты ЭКҰ бағасы орта есеппен 1 мың АҚШ долларын құраса, израильдік клиникада хаттама 5,3 мың АҚШ долларын құрайды. Германия немесе Ұлыбританияның танымал клиникаларында жасанды ұрықтандыру үшін 8 мың АҚШ доллардан астам, ал АҚШ-та 9,5 мың АҚШ долларын төлеу қажет болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір