AERC талдауына сәйкес, 2025 жылдан бастап Қазақстан ЕАЭО-ның бірыңғай энергетикалық кеңістігіне енуі ықтимал. Осыған байланысты орталықтың сарапшылары отын бағасы біртіндеп өсуі мүмкін, Қазақстан бағаны реттеу жүйесінен бас тартуы ықтимал деп санайды. Мұндай шектеулер мұнай өңдеу зауытының рентабельділігіне теріс әсер етіп, сонымен қатар ішкі нарықта отын тапшылығына әкеледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жанар-жағармай (ЖЖМ) құнына шектеулер қолданылады: Аи-80 литріне 80-89 теңге, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңгені, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңгені құрайды. Дизель отыны халық үшін литріне 230-260 теңге, резидент еместер үшін литріне 450 теңге.
Пікір қалдыру
пікір