• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:46:35
Алматы
+8°

Елде 6 ақпан сағат 10:00-ден бастап жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша онлайн-өтінім қабылдау басталады.

Өтінімдер қабылдау үшін арнайы www.autonesie.kz порталы іске қосылған. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Тіркеуден өткендер автосалнға барып, төлем жасауға шот алуы қажет. Сосын оны банкке апарады.

Бұл жолы бағдарлама бюджеті осыған дейін көлік алған азаматтардың ай сайынғы төлемінен жиналған сомаға тең. Бүгінде кредит төлемдері бойынша 7,6 млрд теңге жиналған, ол 761 адамды қамтиды деп болжанып отыр.

Бағдарламаның шарты өзгеріссіз қалды:

♦ Автокөліктің бағасы – 15 млн теңгеден аспауы керек;

♦ Несиенің максималдық момасы – 10 млн теңге;

♦ Алғашқы жарна – 0 тг.

♦ Несиелеу мерзімі – 7 жыл;

♦ Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4 пайыз.

Көлік құны 10 млн теңгеден асқан жағдайда сатып алушы үстіндегі қаражатты өз қалтасынан қосуға тиіс.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 4 пайызбен автонесие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір