02 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы "Amanat" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Оның айтуынша, бас прокуратура Болат Назарбаеавқа тиесілі Астана, Алматы, Талғар қалалары, Қаскелең елді мекені, Түркістан облысының ең тиімді жерлерінде орналасқан 244 гектар болатын 59 жер телімін анықтаған. Бұл жерлер бизнес-орталықтары, коттедж қалашықтарын салуға арналған.
"Бас прокуратура, жер ресурстары комитеті анықтағандай, жер телімдерінің басым көпшілігі заңсыз рәсімделген. Қазір бас прокуратура осы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз бұл мәселені қоғамдық бақылауда ұстаймыз", деді Ерлан Сайыров.
Бұдан бөлек, Ерлан Сайыров қоғамдық кеңеске азаматтардан Құлыбаев, Клебанов, АрселорМиттал, Халық банкі, Жусан банкіне байланысты материалдар түсіп жатқанын айтты. Аталған фактілер тиісті органдарға тексеру үшін жіберілмек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір