• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:21:06
Алматы
+7°

Түркістан облысында Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарын су басып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, 2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басқан. 

Бірнеше аудандағы мектептерде сабақтар тоқтатылды. 

ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр. Оған 50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір