• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:08:17
Алматы
+35°
"MAKSAT Мед" медицина орталығының директоры, ересектер мен балалар невропатологы, иглотерапевт, реабилитолог Мақсат Әбдіқадырұлы Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. Жоғары санатты дәрігер "Церебральды сал ауруымен ауыратын балаларды қалпына келтіру" тақырыбында зерттеу жүргізіп, докторлық диссертациясын сәтті қорғап шыққан. 
 
"Бұл жетістікке жету бақыты – Әуелі Алланың және бізді қолдаған, осы орталыққа сенім артқан әрбір халықтың арқасы деп білеміз! Сол сенімді ақтау, халықтың денсаулығын жақсарту, сапалы қоғам құру жолында ары қарай еңбек ете беру бақыты молынан бұйырсын!" дейді дәрігердің өзі. 
 
Мақсат Әбдіқадырұлының есімі дертіне шипа іздеген талай жанға жақсы таныс. 2011 жылдан бері жұртшылыққа медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жанды арнайы іздеп келушілердің қатары көп. Өзі құрған «MAKSAT Мед» бүгінде республика тұрғындарына белгілі іргелі орталыққа айналған. Ол жерге алыс-жақын шетелдерден келетіндер де аз емес. Орталықта ДЦП диагнозы қойылған науқастарды, жүйке жүйесі, қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріне байланысты туындайтын көптеген сырқаттарды емдейді.

Мақсат Әбдіқадырұлы шығыс пен қазақ медицинасын қатар ұштастырған. Тамыр ұстап, диагноз қоюды ғылым деңгейінде меңгерген. Өзі бұл тәсілді қазақ бағзы заманнан білгенін, қазақ медицинасында та­мыр ұстаудың тоғыз әдісі барын, ата­ла­рымыз тамыр ұстау ар­қылы түріне, өңіне, көзіне, иісіне қарап диагноз қоя білгенін айтады. Орталықта диагноз анықтауда тамыр ұстаудан бөлек, УЗИ аппараттары мен лабораториялық тексерулер қолданылады. Ол үшін сәйкес құрылғы, қондырғылар жеткілікті. Дәрі-дәрмек негізінен шөптен жасалады.

Дәрігер инемен емдеу әдісінің де терең маманы. Емдік инелерді арнайы Қытай, Ресей, Оңтүстік Кореядан алдырады. Инемен емдеу әдісін қолданарда заманауи стандарттар мен халықаралық әдістемеден ауытқымайды. Айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ал­тын инемен аурудың 46 түрін емдеуге рұхсат берген. Күнделікті өмірде солардың жиырмадан астам түрі кең таралған көрінеді. Атап айтқанда, жүрек жұмысынан әлсіреуі, ұйқысыздық, стрестік жағдайлар, ас қорыту жүйесінің нашарлауы, түрлі грыжалар, бедеулік пен бел­сіздік, иммунитеттің әлсіреуі, гармоналдық ауыт­қушылық, асқазан, ішек жолының бұзылуы сынды көптеген кеселдерді жеңуде инемен емдеу әдісінің пайдасы мол.

Ғалым медицина саласындағы тәжірибесі мен білімі негізінде шөп дәрілерді пайдалану мен ине салудың пайдасы туралы 2015 жылы жарыққа шыққан "Қазақ медицинасы" кітабында егжей-тегжейлі түсіндірген.

Мақсат Әбдіқадырұлы диссертациялық жұмысының нысанасы етіп алған церебральды сал ауруына шалдыққан талай бүлдіршіннің аяққа тұрып кетуіне жәрдемдескен.

Дәрігер ДЦП-мен ауыратын балалардың 70-80 пайызының ата-анасы цитомегаловирус инфекциясына шалдыққанын айтады. Сондықтан жас ата-аналарға үйленгеннен кейін міндетті түрде дәрігерге қаралып барып перзентті болуға ниеттенуге кеңес береді.

Мақсат Әбдіқадырұлы Қазақстаннан бөлек, Қытайда да кәсіби түрде мойындалған. Қытай Халық Республикасы инемен емдеу қоғамының мүшесі. Қытай, ағылшын тілдеріне жетік. Жұмысын сол жақта жалғастырса, үлкен қызмет те, қыруар қаржы да табылар еді. Алайда ол атамекенім деп, бала-шағам сол ел­ге сіңіп кетпесін деп келді. Содан бері міне, 10 жылдан астам уақыт сапалы қоғам құру жолында қызмет етіп келеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мақсат Әбдіқадырұлы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір