• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:40:14
Алматы
+35°
Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" және Respublica партияларына Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуға рұқсат берді. 
 
"Байтақ" Жасылдар партиясына" 15 өңірдегі мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта басқа бірқатар өңірде партиялардың филиалдары құрылды. Respublica партиясы 19 өңірдегі мәслихат сайлауына жіберілді. Сондай-ақ Атырау облысында партия филиалы құрылды" делінген хабарламада.
 
ОСК бірауыздан қабылданған шешіммен "Байтақ" Жасылдар партиясына төмендегі өңірлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға рұқсат берді: Абай облысы, Жетісу облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
 
Ал Respublica партиясы Атырау облысы мәслихатының депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады.
 
Қазақстан бойынша тіркелген 7 партия: Amanat партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл" халық-демократиялық патриоттық партиясы, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" Қазақстанның жасылдар партиясы және Respublica партиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат алды. 
 
Кандидаттарды ұсыну мерзімі 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін, тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.
 
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18:00-ден 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір