• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:30:07
Алматы
+35°

Белгілі тележурналист Ирина Советжан мәжіліс депутаттығына кандидат атанбақ. Ол жалпы-ұлттық социал-демократиялық партия атынан партиялық тізім бойынша ұсынылып отыр.

ЖСДП жалпы жиынтығы 25 кандидатты тізімге қосып отыр. Оның 19-ы партиялық тізім бойынша, 6-ауы мажоритарлық жүйе бойынша бірмандаттық округтен түспек. Кандидаттар тізімін президенттікке кандидат болған Нұрлан Әуесбаев басқарады.

25 кандидаттың дені республика жұртшылығы үшін беймәлім адамдар. Олардың ішінде кәсіби қызметімен де, азаматтық позициясымен де халықтық мәселелерді ұдайы көтеріп жүргендердің бірі ретінде Ирина Советжанды атауға болады.

Ирина Әлімжанова Советжан Алматы облысының тумасы. 31 арнадан шығатын "Информбюро" жаңалықтар қызметінің тілшісі, "Сөздің шыны керек" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. "Айтылмаған әңгіме", "Жұлдызды шаңырақ", "Айта берсін" бағдарламаларының редакторы болған. Әлеуметтік мәселелерді өткір көтеріп, ашық айтатын қайсар журналист ретінде көпке танымал.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір