• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:27:49
Алматы
+35°
Түркістан облысында су тасқынынан эвакуацияланған Сауран ауданының тұрғындары біртіндеп үйлеріне оралып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік Сауран ауданында әлі де суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, 200-ге жуық аула судан тазартылғанын мәлім етті. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су сорып шығарылды.

"ТЖМ және ЖАО күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде, құм салынған қаптарды төсеу және су бұру арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 15 300 қап төселді" делінген хабарламада.
 
Облыста жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны әлі де жалғасып жатыр. Синоптиктердің алдағы күндері жаңбыр қайта жаууы мүмкін деген болжамы жағдайды күрделендіруі мүмкін.
 
ТЖМ басшысы жағдайды ушықтырмай, жағдайдың салдарымен шұғыл түрде күресуді тапсырды.

«Бірлесіп әрекет етудің арқасында Майдантал ауылының суға кетуіне жол бермедік. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмыс жасауда. 200-ден астам адам және 800 бас ҰҚМ қауіпсіз жерге көшірілді. Инертті материалы бар 13 мыңнан астам қап қойылды», - делінген министрлік хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір