• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:24:46
Алматы
+12°

Президент Қ.Тоқаев Жамбыл облысына жасаған сапарында қолөнершілер көрмесіне барып, қамшы сатып алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмеге 29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.

Қ.Тоқаевқа көрсетілген «Киіз үй» инсталляциясында жастарға тоқыма, киіз басу, құрақ құрау, ұршық иіру, сырмақ сыру және басқа да өнер түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Президент көрмені аралай жүріп, жамбылдық қолөнершілер жасаған қамшы сатып алды. Мемлекет басшысына қамшыны Жамбыл облысы қолөнершілер одағының төрағасы Серік Ықыласұлы табыс етті.

Қамшы – көшпелі өмір салтының ажырамас бір бөлігі. Қазақ оны қастерлеп, кие тұтқан. Қамшыны тек қана құрал емес, билік пен рухтың, қайрат пен күштің символы деп білген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір