• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:12:14
Алматы
+35°

Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен мерт болғандар саны сәт сайын артып жатыр.

"Анадолы" агенттігінің хабарлауынша, Түркияда зілзала құрбандар саны 2921-ге, жараланғандар 15 834-ке жеткен.

Елдің вице-приезиденті Фуат Октай қиранды астынан 7840 адам дін-аман алып шығарылғанын, 338 мың адам университеттерге, жатақханаларға орналастырылғанын жеткізді.

Президент Режеп Тайип Эрдоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық қаралы күн жариялады.

Түркия билігі тұрғындарды әзірге үйіне оралмауға шақырып жатыр.

ВВС мәліметінше, Сирияда зілзаладан 1400-ден астам адам мерт болған.

Жер сілкінісін зерттейтін AFAD ұйымының мәліметінше, зілзала қуаты 7,7 және 7,6 балды құраған.

Қос елде де құтқару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.

Халықаралық қауымдастық зілзала зардабын жою үшін гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Бүгін таңда қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды. Борт  Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зілзала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір