07 Ақпан, 2023 NEWS
Көрнекі сурет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.
Жалпы 1991 жылдан бері 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ елге оралды. Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар 69,1 пайыз. Еңбекке қабілетті жастан кішісі 22,7 пайызды, зейнеткерлер 8,2 пайызды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1 пайызының білімі жоғары, 40,9 пайызы – орта кәсіби білімді, 35,2 пайызы жалпы орта білімді және 3,8 пайызының білімі жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір