Фото: inform.kz
Қазақстандағы дүнген қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров осыдан үш жыл бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданында болған этникалық жанжалдың түпкі мәні президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қызметтен кетіру болды деп санайды. Бұл туралы ол КазТАГ сайтына берген сұхбатта жеткізген.
Ол конфликт алдын ала үлкен ауқымда жоспарланғанын, оған құқыққорғау органдарының қатысы бар болуы мүмкін екенін айтады.
– Аудандық полиция бөлімінің басшысы куәлік бергенде Қордай әкімшілігіндегілерден "дүңгендер ереуілдетіп жатыр" деген жалған ақпарат түскенін айтты. Іс жүзінде олар автоматтарын асынып "ереуілді басуға" барған. Бұл куәлік неден хабар беретінін аңғарасыз ба? Өте ауқымды нәрсе жоспарланған. Қоғам бұл жөнінде біліп, ұлттық гвардия келгеннен кейін ғана таңғы 5-терде жағдай тұрақталды. Бұл іс жүзінде президентке қарсы бағытталған әрекет болды. Сағат 23.00 кейін трагедия тоқтаған жоқ, керісінше өршіді. Сіздердің ақпараттарыңыз президенттің жағдай тұрақталды деген сөзін жоққа шығарды. Өйткен сол кезде президенттің өзін адастырғандар болды, – деген ол жанжалды ұйымдастырушылар президенттің қол-аяғын тұсап тастауды көздеді деген пікірде.
Хусей Дауров конфликт қолдан ұйымдастырылды деген пайымына төмендегідей уәж келдірген.
– Бүліктің сипатына, қысқа уақытта сонша адамды ұйымдастырып, олардың емін-еркін жүріп-тұруына қарап акция ұйымдастырылған болуы мүмкін деп санаймын. Өйткені біз шекаралық аймақта, дүнгендер қоныс тепкен жерлерге тек жеке куәлік пен паспорт арқылы ғана кіргізетін "Қарасу" бақылау-өткізу пункінде орналасқанбыз. Ал бүлік кезінде мыңдаған көлік пен он мыңдаған адам кедергісіз өтіп кеткен. Ол аздай күштік құрылым өкілдері оларға жол көрсетіп, төрт сағат уақыты барын айтып, көлік номерін шешіп жүруді ұсынған. Осының бәрі олардың арандатуға дайындалғанын көрсетеді. Меніңше, бұл – ең алдымен президент Тоқаевқа қарсы дайындалған әрекет. Тура қаңтар оқиғасы сияқты, – дейді ол.
Қазақстандағы дүнген қауымдастығының төрағасы "ордай қақтығысы қолдан ұйымдастырылды" дегенімен оны ұйымдастырғандар туралы нақты ештеңе айтпайды. Тек олар президент Тоқаевтың 2019 жылы іске қосқан реформаларына наразы "ескі Қазақстанның" өкілдері болуы мүмкін деп санайды.
Сондай-ақ ол дүнгендер мен қазақтар арасында ешқандай проблема жоқ екенін, 150 жылдан бері тату тұрып жатқанын айтады.
Қордай оқиғасын ресми билік тұрмыстық жанжал деп бағаласа, кей сарапшылар оны ұлтаралық қақтығыс деп санайды. Ел арасында Қордайдағы қазақ-дүнген ұлттарының арасында араздық бұрыннан бары, тұрмыстық сипатта басталған жалжал жылдар бойы ширығып тұрған жағдайға шырпы тастағанмен бірдей болғаны айтылады. Жергілікті тұрғындар дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін білмейді, мемлекеттік тілді құрметтемейді деп шағынады. Қазақстандағы дүнген қауымдастығының төрағасы Хусей Дауровтың өзі де мемлекеттік тілді меңгермеген. Қордай оқиғасына дейін Facebook парақшасында дүнген ұлтының өкілдері көп тұрады Қытай туралы, басшысы Си Цзиньпин жайлы жиі жазатын. Дүнген – Қазақстанды мекен ететін көп этностың бірі. Тілі қытай тіліне ұқсас, діні – ислам. Көбіне сауда-саттықпен айналысады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір