• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 01:41:34
Алматы
+12°

Түркияда қазақстандық IT маман Мирус Құрмашев жоғалып кетті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

Мирус Құрмашев Astana Hub өкілі, ВТ Мирус компаниясының иесі. Ол зілзала болған уақытта Хатай қаласында болған. Жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпаған.

“Алматыдағы бауырының айтуынша, ол достарымен бірге Хатайда пәтер жалдап тұрған. Олар зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Бүгін туған-туыстары, достары, Astana Hub басшылығы, волонтерлер Мирболатты іздеу үшін Түркияға ұшады. Егер біреуде Мирболат туралы ақпарат болса, бауырына (+7 702 430 2021) хабарласуды өтінеміз”, – дейді Мусин.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпаратты растады. Түнде Мирустың бауыры, достары мен қазақстандық еріктілер Түркияға ұшып кеткен.
 
Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде қуаты 7,6, 7,7 балл болған жойқын жер сілкінісінің құрбандарының саны сәт сайын артып жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттан 4 мыңнан астам адам қаза тапқан. 20 мыңнан артық адам зардап шеккен.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір