• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:02:29
Алматы
+12°

Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1600-ден асқан. 3649 адам ауыр жарақат алған. Шам өлкесінің басшылығы Батыс елдерін санкцияларды алып тастап, көмек көрсетуін сұрайды., деп хабарлады Birgun.net сайты.

Сирияда құтқару жұмыстары өте баяу жүруіп жатыр. Журналист Саркис Касарджиянның айтуынша, қаза тапқандар саны сағат сайын арта түсуде, Сондай-ақ ол Сирияға халықаралық көмек көрсетілмей жатқанын жеткізді.

"Қаза тапқандардың саны ресми мәліметтен қарағанда көп. Құтқару жұмыстары болса өте баяу. Еліміздегі барлық адам құтқару жұмыстарына жұмылдырылса да халық мұндай жағдайда жұмыс істеуге дағдыланбаған. Табиғи апаттар кезіндегі жұмыстар атқаруда тәжірибеміз аз. Құтқару жұмыстарына тәжірибесі жоқ мамандар жұмылдырылып, арнайы құрал-жабдықтың болмауынан қаза тапқандардың саны артуы мүмкін", дейді журналист. 

Ал Hurriyet басылымының хабарлауынша, сириялық саясаткер, БҰҰ өкілі Бассам Сабах барлық елдерді Сирияны дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетуге шақырған. 

SANA мемлекеттік басылымы Иран мен Ирак тарапынан Сирияға гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын жазды. Азық-түлік, дәрілік препараттармен қатар медициналық қызметкерлер келген. 

Халықаралық мемлекеттік емес ұйымдар Түркияның солтүстігі мен Сирияға көмек ретінде арнайы науқан бастады. Танымал америкалық тележүргізуші Эллен Де Дженерес қорға 3,5 миллион доллар аударып, науқанның басталғанын хабарлады. 

Бұдан бөлек ресейлік сарбаздар да жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияның бірнеше аумағына гуманитарлық көмек көрсеткен. Олар сириялықтарға азық-түлік таратып, жылумен қамтамасыз етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір