• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:08:20
Алматы
+35°

Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраева редакция кеңсесіне белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жіберген, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Журналист қорап кеңсеге 8 ақпанда келгенін, ішін ашқан кезде жоғарыда аталған заттар шыққанын айтқан. Ибраева оқиғаны "редакцияға жасалған қоқан-лоқы" деп бағалаған.

"Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім" деді Самал Ибраева.

рг

Суретте етпен бірге балалардың суреті жатқаны көрінеді. Сәрсенбі түстен кейін редакцияға полиция келіп, заттардан саусақ іздерін алған. Ибраева полицияға қорапты кім жібергенін анықтауды сұрап, шағым жазған.

Самал Ибраева бұған дейін 18 қаңтарда әлдекімдер Ulysmedia.kz сайтын бұзып, сайттың алғашқы бетіне өзінің жеке деректерін жариялап тастағанын хабарлаған. Жарияланған деректер арасында Ибраеваның отбасылық суреттері, төлқұжаттары бар. Ибраева оқиғаны журналистік қызметімен байланыстырған. Сайт біразу ақытқа жабылып, ізінше ашылған. Ибраева полицияға арыз жазған, алайда күдіктілер анықталмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір