• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:21:04
Алматы
+12°

Ресей Украинаға соғыс ашуына байланысты сансыз санкция астында қалғанына бір жылдан асты. Дегенмен Кремльдің соғысқа құютын қаражатынің бітетін түрі жоқ. Ресей әскері украин халқын қырып, олардың жерін тоқтаусыз оккупациялауын жалғасырып жатыр. Ресей экономикасына санкциялар не себепті әсер етпеді? Санкция агрессорды тоқтата ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеген ВВС материалы төменде ұсынылып отыр.

Ұлыбританиялық БАҚ Кремль санкцияға алдын ала дайындалғанын жазады. Ресей үкіметі экономикалық саясатта өрескел қателік жіберуден қашып, энергетикалық кризис кезінде біршама пайда көрді.

"Ресей кедей адамдардан құралған бай мемлекет. Олар соғысқа үлкен қаражатпен, асқан дайындықпен кірген" дейді Чикаго университетінің экономисі Константин Сонин.

 

"Кремльдің жиған ақшасы соғыстан кейінгі бір-екі жылда да бюджет жыртығын жамауға жетеді. Санкция салынған кезде қазынада әлі де артық ақша болды, ал валютаның құлдырауы оған деген қажеттілікті арттыра түсті. Бұл жағдайда резервті қатыру, импортты экспортқа эмбаргосыз шектеу сынды Ресейге салынған санкциямен қаржылай дағдарыс жасау мүмкін емес" дейді Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің экономисі Олег Ицхоки. 

"Ресей үкіметіне қаржылай дағдарыс кезінде дүрбелеңді тоқтату қиынға соқпады. Себебі елге евро мен доллардың үлкен мөлшері үздіксіз түсуін жалғастыра берді" деді Ицхоки Америкалық экономикалық ассоциацияның конференциясындағы сөзінде. 

Керісінше санкция салынған уақытта Ресейдің қаржылық жағдайы жақсара түсті. Санкциялар импортты шектегенде тұтыну мөлшері төмендеді. Ал энергия тасымалдаушылардың арқасында экспорттан түскен пайда артты. Ицхоки келтірген статистикаға сүйенсек, әдеттегі жылы шикізат экспортынан түскен табыс бюджеттің 40%-ын құраса, 2022 жылы 1,5 есеге артып, шамамен 60%-ға жеткен.

"Егер санкцияның басты мақсаты дағдарыс туындату арқылы Ресейдің соғысты қаржыландыруына жол бермеу болса, бұл мақсат жүзеге аспады. Санкция күрделі де, ұзақ ойын" дейді ол.

Келесі мақсат – орта есептік перспективада бөлініп жатқан әскери шығынның бөлінуін қиындату үшін бюджетке ауыр салмақ түсіру. Бұл процесс өте баяу жүріп жатқандықтан, соғысты қаржыландыруда шешуші фактор бола алмайды.

САНКЦИЯЛАР СОҒЫСТЫ ТОҚТАТА АЛА МА?

Экономист Владислав Иноземцевтің болжауынша, санкциялардың әсері ай сайын күшейе түседі. Бірақ Ресейдің Украинаға деген агрессиясын тоқтата алмайды. 

"Санкция салына салынысымен емес, кемінде күшіне енгеннен кейінгі жарты жылдан соң ғана әсер ете бастайды. 2023 жылдың соңына қарай нәтижесін көреміз" деді ол желтоқсанда өткен "Ресей шындығы – 2022: саясат, экономика, азаматтық қоғам" атты конференцияда.

"Путин саясатын санкциялар өзгерте алмайды. Санкция салдарынан Ресей экономикасы құлдырауы мүмкін, бірақ Путиннің Украинаны бораған оқтың астына алуға деген құштарлығы жойыла қоймас" деді Иноземцев.

Тіпті, қаражат таусылған күннің өзінде бюджеттегі соғысқа бөлінетін ақша мөлшері заңмен қорғалған. Тұрақты қордағы қаражатты есептемегенде, Ресей үздіксіз ақша табу үстінде, демек соғысқа бөлінетін қаражаттың бітер түрі жоқ.

Ицхоки пікірінше, санкция сиқырлы таяқша емес. Ол соғысты қаржыландыру мүмкіндігін шектеуі мүмкін, бірақ оны тоқтата алмайды.

"Ресей мұнай мен газды сатуын тоқтатпайынша ЖІӨ де, бюджет де өз қалпын жоғалтпайды. Импортқа салынған санкция экономиканың тоқырауына алып келуі мүмкін, бірақ үлкен көлемді дағдарыс жасай алмайды. Дағдарыс болуы үшін қаржылай санкцияларды импорттық емес, экспорттық санкциялармен біріктіру керек. Батыс бір жылдан кейін дәл осылай жасады. Биылғы қыста Ресейдің негізгі экспорттық тауары – мұнай мен мұнай өнімдеріне эмбарго енгізді. Алайда оның әсері жайлы айтуға әлі ерте. Ресейдің экспортан түсетін пайдасының жартысын мұнай мен мұнай өнімдері құрағандықтан, еуропалық эмбарго нәтижесін көрсетсе, 2023 жыл өткен жылға ұқсамайды. Алайда санкция соғысты тоқтататын күш емес екені мәлім" деді Ицхоки.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір