• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 07:52:31
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жоятын Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", делінген хабарламада. 

11 қаңтарда Конституциялық сот Елбасы туралы Заңның күші жойылды деп тану туралы қаулы шығарған. 13 қаңтарда парламент палаталардың бірлескен отырысында заң бірауыздан қабылданды.
 
Жаңа заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы" мәртебесінен және осыған байланысты артықшылықтардан айырылады.
 
Десе де Назарбаев президенттер туралы заңға сай, президент лауазымы кезіндегі іс-әрекеттері үшін жауаркершілікке тартылмайды және оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Бұдан бөлек оған президент жалақысының 80%-ы мөлшерінде зейнетақы төленеді. Сондай-ақ мемлекет есебінен пәтер, күзет, көлікпен, қамтамасыз етіледі. Ел бойынша тегін жүріп-тұрып, медициналық қызмет пен санаторий-курорттық орындар қызметін тегін пайдаланады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір