• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:05:47
Алматы
+8°

Қытайдың жоғары басшылығы COVID-19-ды сенімді түрде жеңгені жөнінде мәлімдеме жасады. Алайда сарапшылар Бейжіңнің деректеріне күмәнмен қарайды. Өйткені елде коронавирус үш жыл бойғы қатаң шектеуді алып тастаған соң қайта өршіген, деп жазады Reuters агенттігі.

"2022 жылғы қарашадан бері COVID-19-ды бақылау және профилактикалық жұмыстарды оңтайландыруға бағытталған қажырлы еңбектің арқасында эпидемия профилактикасы және онымен күресте шешуші жеңіске қол жеткізілді" деді Қытай саяси кеңесінің тұрақты комитеті кезекті отырыста.

Хабарламада 200 миллион адам медициналық көмек алғаны, 800 мың адам ауыр жағдайдан оңалғаны айтылады.

Десе де басшылар жағдай жақсара түскенімен, вирус әлем бойынша таралып, мутацияға ұшырап жатқанын атап өтті. Саяси кеңес егде адамдарға вакцина салу, медициналық тауарларды жеткізу мен өндіру арта беретінін де жеткізді.

Саяси кеңес мәлімдемесінде, коронавирустан қанша адам өлгені айтылмайды.

Қытайда өткен жылы қатаң шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталғаннан кейін, бірқатар шектеулер жұмсартылған. Бұл індеттің қайта өршуіне әкеліп соққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай бірнеше ай бойы коронавирус құрбандарын азайтып көрсетіп келеді деп санайды. Кей сарапшылар тіпті COVID-19-дан миллиондаған адам мерт болуы мүмкін деген болжам айтады.

Саяси кеңес мәлімдемесі жыл сайынғы парламент сессиясына бірнеше апта қалғанда жарияланып отыр. Сессияда саясаткерлер коронавирус шектеулерінен кейін дамуы тежелген экономиканы қайта аяққа тұрғызу жолдарын іздейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір