20 Ақпан, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020-ға жетті, деп хабарлады Түркияның Төтенше жағдайларды жою басқармасы.
Қазіргі уақытта зардап шеккен өңірлерде 19 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Апат аймағында 216 мыңнан астам шатыр тігілген. Ресми ақпарат бойынша 118 мыңға жуық ғимарат құлаған, қатты зақымданған немесе дереу сүрілуі тиіс нысандар санатына жатады.
"Бір жыл ішінде бұл провинцияларда Түркия тарихындағы ең ірі тұрғын үй құрылысы жүргізіледі", - деді Түркияның экология және қала құрылысы министрі Мұрат Курум.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір