21 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Daiichi TV арнасының сайты
Жапонияның Хамамацу қаласы Ниси ауданы Энсухама жағалауында шар тәріздес белгісіз зат табылды, дер хабарлады Daiichi TV арнасы.
Сидзуока префектурасы полициясының мәліметінше, бүгін таңғы 9-ға таман жағалауда түсініксіз зат жатқаны туралы ақпарат түскен.
Белгісіз заттың диаметрі 1,5 метр. Пішіні – темір шар тәріздес.
Полиция аумақты қоршауға алып, өзге де күдікті заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
Шар тәріздес затты теңізден шығарып тастаған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.
Табылған зат әсіресе жуырда АҚШ аумағында ұшу аппараты атып түсірілгеннен кейін көпшілік назарын аударып отыр. АҚШ ұшу аппараты Қытайдың барлау нысаны болуы мүмкін десе, Қытай оны қарапайым метеозонд екенін айтады. Осы оқиғадан кейін Жапония қорғаныс министрлігі жапон әуе кеңістігіне енген күдікті әуе нысандарға қарсы қару қолдану ережелерін кеңейтетінін мәлім еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір