• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 00:10:15
Алматы
+12°

Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жол жүру ережесіне қатысты үш түрлі бабына өзгерістер мен толықтыру енгізілмек. 

Әділет министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын жариялады. Өзгерістерге сәйкес 592-бап бойынша жылдамдықты 80 км/сағ және одан асырған жүргізушіге 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде тағы тәртіп бұзған жағдайда айыппұл 60 АЕК-ке (207 000 теңге) дейін өседі.

Сонымен қатар, 593-бап бойынша көлік жүргізу кезінде есіктерді ашу және осыған ұқсас әрекеттерді жасаған жағдайда 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынбақ.

«Қазіргі уақытта мектеп бітіру кеші мен үйлену тойлары кезінде, көлік жүріп бара жатқан кезде жолаушылар көлік люктерінен немесе терезеден шығып, өміріне қауіп төндіретін әрекет жасайды. Сондықтан мұндай жайттардың алдын-алу үшін жүргізушімен қатар жолаушыларды да жауапкершілікке тарту қарастырылуда», - делінген хабарламада.

Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзған жағдайда айыппұлды – 10 АЕК-тен (34 500 теңге) 20 АЕК-ке (69 000 теңге) дейін көтеру ұсынылуда, егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жүргізушіні бір жылға жүргізуші куәлігінен айырады. Құжат жобасы қоғамдық талқылауда 13 наурызға дейін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір