• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 04:02:30
Алматы
+12°
Алматы қаласы әкімдігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде Алматыда феминистер митингін өткізуге рұхсат берді. Бұл туралы Feminita ұйымы хабарлады.
 
"Жүректегі қуанышпен 8 наурыздағы әйелдер феминистік митиңі өтетінін хабарлап отырмыз. Кеше біз Алматы қаласы әкімдігінен ресми қаулы алдық. Алдағы уақытта біз митиңтің қажеттіліктеріне қаражат жинаудың басталуы туралы пост жариялаймыз, бірақ әзірге сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісе отырып, баршаңызды 8 наурызда күтеміз!" делінген ұйымның facebook парақшасындағы жазбада.

Феминисттік ұйымдар бірнеше жыл қатарынан 8 наурызда Алматыда митинг өткізіп келеді. Алайда биыл қала әкімдігі "митинг өткізуге арналған орындар бос емес" деп митингке рұқсат бермеген. Бұған қарсылық ретінде феминистер митинг үшін митинг деген ұранмен бейбіт акция ұйымдастырған. Жуырда Фембике, гендер тақырыбын зерттеуші Айгерім Құсайынқызы Қамшы порталына сұхбат беріп, феминистер митинг арқылы не айтқысы келетінін, Қазақстандағы әйел құқығы мәселелерін сөз еткен.

♦ "Саясатқа барар жол жіңішке емес, жабық". Әйелдерді саясатқа араластыруды талап еткен митинг (Фото)

♦ "Ол қаладағы соңғы еркек емес". Феминистер митингі (Фоторепортаж)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: феминистер митингі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір