23 Ақпан, 2023 NEWS
Көрнекі сурет
Қазгидромет алдағы күндері ел аумағы атлантикалық циклон ықпалында болып, өзімен бірге жаңбыр мен қар, суық ауа райын әкелетінін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 25 ақпаннан бастап күн қайта суытады.
"Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 25 ақпанда түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жауын-шашын салдарынан көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі" делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ауа температурасы төмендегідей мәнде болады деп болжанып отыр:
♦ Батыста – 5-23 аяз;
♦ Солтүстік-батыста – 17-28 аяз;
♦ Солтүстікте және орталықта – 13-25 аяз;
♦ Шығыста – плюс 2;
♦Оңтүстік, оңтүстік-шығыста – ауа температурасы түнде 5-13 аязға дейін, күндіз минус 6 аяздан, плюс 7 градусқа дейін ауытқиды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір