• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Ақпан, 21:45:12
Алматы
+35°

Белгілі журналист Дархан Әбдік мемлекет қазақ тілінің мәселесіне осыдан 30 жыл бұрын кіріскенінде бүгінде тіл төңірегінде ешқандай мәселе туындамас еді деп санайды.

"Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге кім қарсы? Ол кафедегі даяшыларды қуалап жүріп кешірім сұрату немесе дүкенге барып ұрыс шығару емес. Мемлекеттік тілде бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер сөйлеу керек. Талапты депутаттарға, министрлерге, президентке қою керек, солар сөйлесін. Қалғандары жағдайды көргенде үйреніп шығады. Әзербайжанда, Өзбекстанда тіл мәселесі шешілмей қалған жоқ. Жас буынның барлығы сол тілде сөйлеп жүр. Біздің билік тіл мәселесін қолдан жасап отыр. Өйткені бірде-біреуінің баласы қазақша сөйлемейді. 30 жылда 30 тіл үйренуге болар еді. Мәселе тілде емес, биліктің позициясында. Оған өзің секілді қарапайым, несиесін зорға төлеп, онсыз да теперіш көріп жүрген адамдарды айыптауға болмайды. Өзіңмен тең адамға зәбір көрсету дұрыс емес. Ал биліктен талап ету керек, себебі билік міндетті" деді ол DOPE SOZ youtube жобасына берген сұхбатында.

Журналист мемлекеттік тілді нығайтуды ерте бастағанда бүгінгі таңда бұл мәселе шешіліп тұрар еді, тіл мәселесін шешпей келе жатқан билік деген пікірде.

"Ең болмағанда қазақ тілінде сөйлеуге міндетті лауазымдар тізімін енгізуге болар еді. Егер адам қазақ тілін білмей, жеке секторда жұмыс істесе толық келісер едім, ол оның өз еркі. Мысалы Америкада ағылшынша білмейтін испандықтар, испанша сөйлейтін мексикандар өте көп. Бірақ АҚШ конгресменінің ағылшынша сөйлей алмағанын елестете аласыз ба? Парламентке қазақша білмейтін адамдарды жібермесін. Бұл сайлауға түсу үшін қойылатын шарт болсын. Шешкісі келетін адам болса, отыз жылда тіл мәселесін шешуге болар еді..."- дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір