24 Ақпан, 2023 Әлем
Фото: Getty Images
Владимир Зеленский Украинадағы соғыстың басталғанына 1 жыл толуына қарсы видео жариялады.
"24 ақпанда миллиондаған адам таңдау жасады. Ақ емес, көк-сары туды таңдады. Қашу емес, қарсы тұру. Жауды қарсы алу. Күресу және қарсылық білдіру. Бұл – қайғының, сенім мен бірліктің жылы болды. Ал биыл жеңіске жететінімізді білемін", деп жазды Владимир Зеленский.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толды.
Ресей басқыншылығына бір жыл толуы қарсаңында Украина президенті Владимир Зеленский көлемді сұхбат беріп, басқыншылық басталғаны туралы хабарды естігендегі эмоциясы, мақсат-мұраты жайлы баяндады.
Ал Ресей билігінің бұрынғы шенеуніктері Украинаға соғыс ашқан Путиннің пиғылы мен көздегені туралы айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір