• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 01:26:57
Алматы
+12°

Жамбыл облысының прокуратурасы «КОСПАЕВ» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан  өткізген тұлғаны ұстағанын хабарлады.

Қаржылық мониторинг агенттігі ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевты ҚК-тің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) айыптап, халықаралық іздеу жарияланған.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер елден Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы шығып кеткен.

Прокуратура дерегінше, күдіктелер мемлекеттік шекарадан 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңындағы өзеннің таяз жері арқылы өтіп кеткен. Оларға көмектескен азамат анықталып, ұсталған.

"Күдікті кінәсін толық мойындады, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғастырылуда және прокуратураның бақылауында" делінген хабарламада.

Бейресми деректерде күдіктілердің бірі Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың оң қолы екені туралы айтылады. Алайда Болат Назарбаев жетекшілік ететін "Салиқалы ұрпақ" қоры Назарбаевтың Елдос Қосбаевпен байланысын жоққа шығарады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елдос Қоспаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір