• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:31:36
Алматы
+35°

8 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда білім саласындағы мәселелер мен білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талқыланды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға алқа мүшелерімен бірге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, оқу-әдістемелік орталықтардың, мектептер мен оқу орталықтарының, мамандандырылған ұйымдардың басшылары, облыс мұғалімдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, облыста балабақшалардағы орын тапшылығы өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі таңда 351 мектепке дейінгі ұйымда 41 338 бала тәрбиеленіп жатыр. 2022 жылы 1 617 орындық 21 балабақша ашылды (Ақтау-14, Жаңаөзен-3, Мұнайлы-1, Маңғыстау-1, Түпқараған-2). Соңғы 5 жылда мектеп оқушыларының саны 38 мыңға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда сегіз мыңға артқан.

24 мектепте 9 056 орын тапшылығы болды. 2022 жылы 1 800 орындық 2 мектеп (Ақтау қаласындағы 31 «А» шағынауданында 1200 орындық, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы «Жаңа келісім» шағынауданында 600 орындық), 624 орындық 2 қосымша құрылыс (Атамекен мен Күйкен мектептері 312 орындық) және 4 650 орындық 12 жекеменшік мектептің (Ақтау-8, Мұнайлы-3, Түпқараған-1) ашылды.

2021 жылы облыста үш ауысымды 18 мектеп болса, 2022 жылы аталған көрсеткіш 15-ке азайған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешу жоспарланып отыр. 2025 жылдың соңына қарай 44 000 орындық 21 мектеп және 1 800 орындық 3 бастауыш мектеп салынады.

Нақтыласақ, 2023 жылы 13 500 орындық 15 мектептің (екі ауысымда 27 000 орын) құрылысы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ал 2024 жылы 9 400 орындық 9 мектептің (екі ауысымда 18 800 орын) құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады.

Сонымен қатар жиналыста Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықов баяндама жасады. Айтуынша, Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын білім беру нысандарының өртке қарсы жағдайына мониторинг жүргізеді. Облыс бойынша 535 білім беру нысаны департамент есебінде тұр. Соның ішінде, былтыр 172 нысанға жоспарлы тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде, 1 217 өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, Ақтауда – 260, Маңғыстауда – 179, Мұнайлыда – 163, Бейнеуде – 140, Түпқарағанда – 99, Жаңаөзен қаласында – 74. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 157 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұрлыбек Айжарықовтың айтуынша, білім беру нысандарындағы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен өрт қауіпсіздігі талаптары әлі өзгермеген. Білім беру нысандарында өрт автоматикасының ақауы, эвакуациялау үшін қауіпсіз жағдайдың болмауы, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуы, өрт қауіпсіздігі бойынша құжаттаманың болмауы сынды бұзушылықтар жиі кездеседі.

Осы ретте азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 5 мыңнан астам адамға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өрт туындаған жағдайда әрекет ету бойынша 24 практикалық оқу-жаттығуы мен 150-ден астам нұсқамалық сабақ өткізді. Сонымен қатар балаларға 13 интерактивті сабақ, 3 ашық сабақ, өрт сөндіру бөлімдеріне 4 экскурсия, 23 эвакуациялау жаттығулары, балалар арасында 5 жарыс ұйымдастырды. Оған 2,5 мыңнан астам бала қатысты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев елдің болашағы ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен адалдығына байланысты екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында білім сапасын арттыруды тапсырды. Бүгінгі таңда 2021-2025 жылдарға арналған «Білім ұлт» ұлттық жобасы негізінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдар бірлесіп, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау, тәрбие бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар атқарылып жатыр. Балаларымыздың болашағы білім сапасына байланысты. Әрине, бұған қол жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмсалуы керек. Мектепте болашақтағы табыстарымыз бен жетістіктеріміздің іргетасы қаланады, – деді Нұрлан Ноғаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір