15 Ақпан, 2023 Маңғыстау облысы
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Бүгін, 15 ақпанда Мемлекеттік кірістер департаментінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Бектемірдің қатысуымен жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту мүмкіндігі және оларды шешу жолдары талқыланды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиын барысында 2022 жылғы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы мен алдағы жоспары баяндалды. Сондай-ақ салық салынатын базалар бойынша әкімшілендіру бөлігіндегі проблемалық мәселелер сөз болды.
Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, былтыр өңір бюджетіне 213 млрд. теңге түскен. Оның ішінде салықтық түсімдер – 201 млрд. теңге, яғни 94% пайызды құрады. Осы орайда 2023 жылға арналған жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша резервтерді іздеу бойынша шешім қабылданып отыр.
- Бюджетке түсетін түсімдер экономиканың тұрақты өсімін, халықтың табысы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар өзара бірлесіп, салық базасын ұлғайту арқылы бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуі керек. Жауапты мамандар тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, берешегі бар салық төлеушілер мен компанияларға заң аясында тиісті шаралар қолдануы қажет, - деді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір