• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:05:40
+7°

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили президент Саломе Зурабишвилиге үндеу жасады. Ол Мәскеудің жақын арада Тблисиді басып алатынын айтты. 

"Меніңше, қазір барлық саяси топ Ресей төңкерісіне қарсы топтасып, президентпен шұғыл кеңесуі керек. Украинадағы сәтсіздік пен Молдавадағы жеңілістен кейін Мәскеу Тблисиді ашық түрде басып алмақшы. Бұл үшін кез келген шартқа келіседі. Президент өз өкілеттілігін пайдаланып әлем елдеріне Грузияны толық оқшаулау арқылы басып алғалы жатқанын хабарлауы керек. Қазір ренішті еске түсірудің заманы емес. Кез келген мүмкіндікті пайдаланып, осы соғыстан аман шығуымыз керек", деп жазды Михаил Саакашвили өзінің фейсбук парақшасында.

Михаил Саакашвили 2021 жылдың күзінен бастап қамауда отыр. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, депутатқа шабуыл жасады және бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір