• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:14:36
Алматы
+12°

АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Николас Бернс  Covid-19 вирусына қатысты шындықты айту керегін мәлімдеді, деп жазады BBC News

"Үш жыл бұрын Ухань қаласында басталған індет жөнінде шындықты жасырмауы керек", деп мәлімдеді Николас Бернс. 

Бұған дейін вирустың Уханьдағы зертханадан шыққаны хабарланған еді. АҚШ-тың Энергетика министрлігі қорытындысы бойынша, вирустың таралуына зертханадағы қауіпсіздік шараларының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

Ал Қытайдың Сыртқы істер министрлігі індеттің шығу тегін ғылыммен байланысты екенін, алайда бұл жағдайды саясиландыруға болмайтынын айтты. 

Бүгінге дейін жасалған басқа зерттеулердің қорытындысы бойынша коронавирус Уханьдағы Хуанань базарында теңіз өнімдері мен жабайы жануарлардан адамға жұққан. Алайда америкалық барлау қызметі вирустың жануарлардан жұғу ықтималдығы төмен екенін мәлімдеді. 

Дегенмен Ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирби АҚШ пандемияның тарауына қатысты нақты қорытынды жасамағанын айтты. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ вирус пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір