• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:09:02
Алматы
+12°

Бағы замандағы ата-бабалармыз, үлкен зілзала боларда, топан су апаты қаптарда, өрт апаты туылардан бұрын қорадағы төрт түлік мал кешке төбесі жабық қорға кірмей, далаға қашады. Түнде төрт түлік бал баурын жерге басып жатпай, тұрып алады. Сиыр мөңіреп, жылқы кісінеп, түйе боздап, қой-ешкі маңырап, қозы-лақ шулап төрт түлік малдан маза кетеді. 

Байлаулы тұрған жылқылар шылбырын үзіп, байлаулы түйелер бүйдасын үзіп, байлаған сиырлар байлаулы жібін үзіп, шідерлеулі жылқылар шідерін үзіп сыртқа қарай қашады. Үй жануарлары: тауық, үйрек, қаздар кешке қораға кірмей улап-шулап, қанаттарын қайта-қайта жиі серпіп, ұясына кірмей, жылы ұясына қонақтамай далаға қарай қашады. Бей уақытта мезгілсіз қораз шақырып, жан-жағына сүркейлі хабар береді.

Жер астындағы жыландар қыстағы аязға қарамай жер бетіне, қар үстіне шығып алып, басқа жаққа қарай көше бастайды. Тышқандар ініне кірмей жер бетінде кезеді. Аю сияқты ұйқыға кететін жабайы жануарлар қысқы ұйқысынан оянып, үңгірлерінен сыртқа шығады. Құрт-құмырысқалар да жер бетінен көріне бастайды.

Мысық белін бүкірейтіп, бір жерге жатпай, мазасыз мияулап, берген тамақты жемей, үйден сыртқа қашады. Иесінің аяғын тырмалап, сыртқа шық дегендей белігі, ишарат әрекет көрсетеді.

Жеті қазынаның бірі – ит ұлып, абалап үріп, тынымыз жүгіріп, иесіне бір сұмдық боларынан алдын ала хабар береді. Ауа райы қыста болса, жылып жаңбыр жауып, жел тұрып,қар еріп, туман басып, жер қызып әр түрлі өзгеріс байқала бастайды.

Табиғаттағы құстар, ұясына қонақтамай, жазық далалаға қарай үшып кетіп, тақыр жерлерге жиналып қонақтап, улап-шулап, шиқылдап бүкіл даланы құс дауысына толтырады. Адамдарға солай хабар береді.

Ал, Зілзала болар бұрын адамдардың да көңілдері ала қызып, алаң-салаң күйге түседі. Жүректері бір нәрсе сезгендей, жоқтан өзге нәрсеге алаңдай береді. Мінезі қалыпсызданып, сіркесі су көтермей, ұрысып қалуға дайын тұрады. Бұл ауадағы көзге көрінбей жүріп жатқан магнит өресінің жер сілкінер алдындағы, су тұманы сияқты ауа өзгерісінен туындайтын тән өзгерісі. Бірақ адамдар оны өздері сезе бермейды. Жер сілкінуден келген сигнал адам баласына да осындай құпия әсер туғызады.

Атам қазақ тәбиғаттағы мал мен жан-жануарлардың осы бергілеріне қарап жақын арада жер сілкінеді, үлкен зілзала болады деп жорыған. Мұны бүкіл халыққа ұқтырып, қауіпсіз жерлерге көшіп, мал мен бастың амандығын сақтап қалған.

Зілзала, Өрт, Топан су апаттарын – тілсіз жау деп атаған. Алла ондай тілсіз жаудан бар адам баласын, адамзат баласын түгел аман сақтасын!

Мен осы орайда, биыл Түркиядағы табиғи апат, тілсіз жаудың құрбанына айналған бауырлармызға жанашырлық білдіре отырып, олардың туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамын. Соңғы 100 жылда болған өте ауыр жер сілкінісі мыңдаған адамның қаза болуына әкеп соқты. Түркия мемлекеті үшін оңай емес...

Қайғыны қайратқа айналдыра отырып, береке-бірлікте бола отырып, үйінді астына тірі қалғандар мен жаралы болғандарды тоқтаусыз құтқарып жатырсыздар. Сіздерге бір Алла өзі жар болсын. Мұндай сұрапыл апат енді қайталанбасын. Адам баласының басына салмасын.

Түрік халқы ер жүрек , батыр халық, хаһарман халық, данышпан халық, тарихта да талай сынақтардан сынбай өткен халық. Сіздерге Алладан амандық тілеймін.

ҚР Жазушылар Одағының , ҚР Журналистика Одағының мүшесі, Қазақ салт-дәстүр, әдет- ғұрып академиясының академигі, "ҚР мәдениет үздігі" төсбелгісінің иегері, "ҚР құрметті азаматы", Этнограф жазушы:

Болат Бопайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір