01 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ulysmedia.kz
Экс президент Нұрсұлтан Назарбаев америкалық саясаткерлерге 20 жыл ішінде жалпы құны 45 млн теңге тұратын бағалы заттар сыйлаған. Бұл туралы PROTENGE Теллеграм арнасы хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы елшісі Джон Ордвейге құны 9 995 доллар тұратын "Blancpain" сағатын сыйлаған. Қымбат сағатты Америка хаттамасының бас кеңсесі дипломатиялық пошта арқылы Астана қаласындағы елшіліктен алған. АҚШ- президенті мен шенеуніктері шетелдік сапарларында алған сыйлықтарды жариялап, мемлекеттік мұрағатқа тапсырады. Тіпті, сыйлықтың құны 5 мың доллар болса да осы ереже сақталады. Әйтпесе, сыйлық пара болып есептеледі. Егер алған сыйлығы қатты ұнап жатса сатып алуға мүмкіндік берілген. Алайда америкалықтардың көбі сыйлықты сатып алмайды", делінген жазбада.
Жазба авторы Қазақстанда мұндай тәжірибе қолданылмайтынын айтқан.
"Қазақстандық шенеуніктердің қандай сыйлық алғанын біз тек болжай аламыз. 20 жылдың ішінде біз америкалықтарға 101 955 доллар немесе 45 млн теңгеден астам қаражатқа сыйлық жасаппыз. Ең қымбат сыйлықты Қазақстан атынан Нұрсұлтан Назарбаев сыйлаған. Ол 2006 жылдың мамырында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейниге 25 мың 300 долларға (11 млн теңгеден асады - Ред.) бағаланған Breguet сағатын сыйға тартқан. Жоғары лауазымды шенеунік энергетика мәселелерін талқылап, Каспий теңізінің түбімен Ресейді айналып өтетін газ құбырын тарту жөнінде айтуы керек еді. Бірақ бәрімізге белгілі болғандай іс келіссөзден әрі аспады", деп жазады PROTENGE.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір