02 Наурыз, 2023 Әлем
Фото: iz.ru
Мексиканың оңтүстігінде 6,2 баллдық жойқын зілзала болды. Жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша кеше сағат 22:40-та Арриага қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде болғандығы хабарланды.
АҚШ-тың геологиялық қызметі мен Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп бағалады. Американдық сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы 87,7 км тереңдікте болған.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. Сондай-ақ бүгін Индонезия жағалауында 5,7 баллдық зілзала тіркелген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір