• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:54:09
Алматы
+12°

Бүгін дүниежүзілік жазушылар күні. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетел және қазақ жазушылары жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Оноре де Бальзак

Ол кейіпкерінің өлімін суреттеп жазу үшін өзі өлген секілді кейіп танытатын болған. Сондай сәттің бірінде бөлмеге кірген күтушісі: "Мырза өлім алдында!" - деп айғайлап көмек сұрайды. Күтуші әйел Бальзакты өлім алдында деп ойлаған. Ал Бальзак басын көтере сала: "Мен емес Горио әкей өлейін деп жатыр",- депті.

Антон Чехов

Оның негізгі мамандығы – дәрігер. Сондықтан ол үнемі: "Медицина – менің заңды әйелім, ал әдебиет – нақсүйерім", – деп қалжыңдаған.

Эдгар Аллан По

Жазушы бала кезінде есеп шығаруды зират басында үйренген. Оқыған мектебінің жағдайы төмен болған. Сол себепті математика мұғалімі өлген адамдардың қанша жыл өмір сүргенін есептеп шығуы үшін балаларды зиратта оқытқан.

Джонатан Свифт

Ол "Гулливердің саяхаттары" кітабында  спутниктердің өлшемі мен айналу жылдамдығын ғалымдардан 100 жыл бұрын дәлме-дәл жазып кеткен.

Жүсіпбек Аймауытов

Оның қызы көп уақытқа дейін өз есімін Мария деп ойлап келген. Алайда шын аты Мәруа екенін әкесінің хаттарын зерттеген тарихшылардан білген. 

Ильяс Есенберлин

Атақты "Көшпенділер" трилогиясын соңғы 3 томынан бастап жазған.

Ғабит Мүсірепов

Жазушының "Ұлпан" романындағы Шынар мен Мүсіреп – ата-әжесінің прототипі болған. 

Мұхтар Әуезов

Цензураға ұшырамас үшін "Абай жолы" романының көп бөлігін қайта жазып шыққан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жазушылар күні

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір