• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:03:59
Алматы
+12°

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска Красноярда өткен экономикалық форумда "инвесторлар келмесе, келесі жылы елде қаражат қалмайды" деп мәлімдеме жасады. 

"Қазірдің өзінде қаражатқа қатысты көптеген мәселе бар. Сол себепті бизнес құлайын деп әрең тұр. Достық қарым-қатынастағы елдер біз үшін маңызды ресурс. Ресеймен жақсы қарым-қатынастағы елдерде жалпы саны 4,5 млрд халық бар. Бізге инвесторлар керек. Егер біз әр тоқсан сайын қандай да бір проблемаларға байланысты ойын ережелерін өзгерте беретін болсақ, бізге ешкім сенбейді: ресейлік және шетелдік кәсіпкерлер де", дейді кәсіпкер. 

Олег Дерипасканың айтуынша, Ресейдегі экономикалық жағдай "өте қиын әрі болжам жасау мүмкін емес" және кем дегенде 2025 жылдың ортасына дейін еш өзгеріссіз қалады. 

Бұдан бөлек, Дерипаска шенеуніктердің санын екі-үш есе азайтуды ұсынды. Олардың қазіргі саны санкциялардың себебімен құлдырап жатқан экономика үшін қосымша ауыртпалық екендігін айтты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір