03 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қоғам белсендісі, химик, Астана қаласындағы№90 гимназия мектебінің директоры Аятжан Ахметжан сайлаудан шеттетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жазды.
Оған Астана қаласы мәслихаты бойынша 9 округ хатшысы хабарласып сайлаудан шеттетілгенін айтқан. Қоғам белсендісінің кандидаттығының алынуына "салық декларациясында несие алғаныңызды жасыруы" себеп болған.
"Жап-жаңа, әділетті Қазақстан сайлаудан шеттетті. Кредит деген мүлік пе? Оны қалай көрсетуді де білмейді екенмін. Декларацияны тексеру уақыты аяқталып кеткен жоқ па? Осы уақытқа дейін ұйықтап жатты ма?", – деп жазды Аятжан Ахметжан.
Еске сала кетейік, осыған дейін Аятжан Ахметжан Астана қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер болған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір