• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:55:04
Алматы
+35°

Халықаралық іздеу жарияланған қаржы пирамидасының басшысы Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 2017-2018 жылдары тұрғын үй алып беруге уәде беріп, 85 млн теңгеден астам қаржы жымқырған. 

Кейін елден қашып кеткендіктен, оған халықаралық деңгейде іздеу жарияланды. 

Биыл қаңтар айында Украинаның құқыққорғау органдары күдіктіні ұсталғанын хабарлаған. 

"Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестердің көмегімен К. есімді азаматты Қазақстанға экстрадициялап, Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат 5-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір