06 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сирия президенті Башар Асад мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Ақорда.
Сирия Президенті Башар Асад Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдап, 2023 жылдың ақпанында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен сириялықтарға көрсеткен гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.
"Сирия халқы қиын жағдайда көмек көрсеткен Қазақстан ұстанымын жоғары бағалайды", - делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде болған жер сілкінісінен Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. 11 ақпанда Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) қолдауымен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір