• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:35:43
Алматы
+17°

Еңбек нарығындағы гендерлік жағдайды талдау нәтижесінде қазақстандық әйелдер ерлерге қарағанда 20%-ға аз жалақы сұрайды, деп хабарлайды HeadHunter.

Әйелдер арасында ең танымал мамандық – есепші болса, еркектер арасында – жүргізуші. Әрі әйелдердің жұмыс берушіден талап ететін жалақысы еркектерге қарағанда 20% төмен. 

"Әйелдер сұрайтын жалақының әртүрлі болуына көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Солардың бірі, ерлердің түйіндемелері әйелдерге қарағанда көп. Мысалы ақпараттық технологиялар, топ-менеджмент, логистика, автомобиль бизнесі сияқты салаларда ерлердің түйіндемесі көбірек", - деді онлайн платформа сарапшылары.

Бұдан бөлек сауалнама қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің 96%-ы қызметкер таңдаған кезде ер немесе әйел деп бөлген. Олардың мұндай қадамға баруына лауазымды қызметті ер адам ғана істей алады деген стереотип пен әйелдердің кез келген уақытта декреттік демалысқа шығып кетеді деген ой себеп болған. Сол себепті жұмыс берушілер ер адаммен жұмыс істегісі келеді. 

Ал әйелдер жұмыс берушімен кездесу кезінде отбасылық жағдайына қатысты сұрақтардың жиі қойылатынына шағымданған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: гендер қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір