Фото: Ашық дереккөз
Маслихат сайлауына үміткер Аятжан Ахметжанұлы сайлауалды үгіт-насихатты жалғастыра беретінін айтты.
"Сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихатты ажырата алмайды! Мені сайлаудан шеттету туралы әңгімені естігенде осында біраз жұрт Қожанасырдың арқанға су құйғаны туралы күлдіргіні жазып еді. Дәл солай болды.
Мынау сурет мені сайлаудан шеттету туралы қаулы. Қаулыға қарасаңыз Қазақстан Республикасы сайлау туралы заңның 89 бабының 3-4 тармағы бойынша шеттеткен. Ал бұл баптың мәслихатқа дым қатысы жоқ, мәжіліс депутатына кандидатқа арналған бап. Ал, мен мәжіліске емес, мәслихатқа кандидатпын", деп жазды Аятжан Ахметжанұлы өзінің фейсбук парақшасында.
Ол декларация бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне шағым жазған.
"Қазірге жауап жоқ, әрине созуға тырсады ғой. Олардың жауабын алсақ, бірден жоғары сотқа жазамыз. Бірақ, қаулының өзі заңсыз болса... түсінікті шығар. Үгіт нәсихатты жалғастыра беремін. Себебі, бізде сотпен жеңуге толық мүмкіндік бар. Сайлауға санаулы күн қалды. Бір күн бұрын қалғанда куәлігімізді қайта беріп, үгіт жүргізіп үлгермей қалмас үшін үгітті қайта күшейтеміз", деді қоғам белсендісі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір