• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Ақпан, 00:01:49
Алматы
+35°

Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 22 адам ұсталған. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, жеті адам қамауға алынған. Ал қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ министр, жәбірленген журналистерге істі тергеу барысына қатысуға рұқсат етілгенін хабарлады.

«Барлық дерек бойынша процессуалды тұлғалар – жәбірленушілер бар. Олар тергеуге белсенді қатысып жатыр. Күдіктілермен бетпе-бет жүздесу болды. Әріптестеріңіз бұл процеске қызығушылық танытып отыр. Олардың процессуалды мәртебесі бар, әрі сұрақтар қоя алады, іске белсенді қатыса алады, белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу үшін өтініш жасай алады», – деп қосты Марат Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ және ҰҚК жедел тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кескен болатын.
Шабуылдарды ұйымдастырып, бастамашы болды күдікпен Қазақстан азаматы Аркадий Клебанов (Маневич) ұсталды. Сондай-ақ, Алматыда арандатушылық әрекеттердің тікелей үйлестірушісі – шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев қолға түсті.

Қылмыстық топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Атап айтқанда, автокөлікті өртеген, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсеткен, DDoss шабуылдар жасаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір