• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:40:57
Алматы
+12°

«AMANAT» партиясы 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай «Бір толқында» концертін ұйымдастырды. Іс-шара елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Концертке 10 мыңға жуық көрермен жиналды.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының алдында танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Тұрар Ыдырыс, Қазыбек Құрайыш, Ziru, Қобыланды мен Мансұр, Мұхаммедәлі Жүгінісов және Zein болды.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері отандастарымызды мерекемен құттықтап, 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында дауыс беруге шақырды.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев алдағы сайлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан ауқымды саяси реформалардың лайықты жалғасы екенін атап өтті.

Та

«Біздің сайлауалды бағдарламамыздың авторы – халық! Бұл құжат – сайлаушылардан келіп түскен 200 мыңнан астам ұсыныс-пікірдің нәтижесі. Біз Асан Қайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз. Ата-бабаларымыздың ісін отансүйгіш, білімді әрі саналы жастар жалғастырады. Баршаңызды осы құндылықтарды қорғайтын және қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтін «АМАNАТ» партиясына дауыс беруге шақырамын. Нар тәуекел!», – деді ол.

Вв

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат, паралимпиадашы Севда Әлиева еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

«Біз – мүгедектігі бар адамдар, белсенді өмір сүргіміз келеді. Барлық салада еңбек еткіміз, ел аумағында еркін жүріп-тұрғымыз келеді. Бұл мүмкіндіктер біздің сайлауалды бағдарламамызда анық жазылған. Яғни, кедергісіз орта құру, жәрдемақы мөлшерін арттыру, ерекше балаларға арналған орталықтар ашу, әлеуметтік қызметтер порталын жақсарту бастамаларына ерекше мән береміз. Қазақстанда шамамен 700 мыңға жуық ерекше қажеттілгі бар адам өмір сүреді. Егер сіз мүгедектігі бар адамдардың тағдырына бей-жай қарамайтын болсаңыз, 19 наурызда сайлауға келіп, «AMANAT»-қа дауыс беруіңізді сұраймын», – деді ол.

аукаі

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат, саясаттанушы Динара Сәдуақасова партия гендерлік теңдік қалыптастыруды көздейтінін және жалақы мен лауазым адамның жынысына емес, дағдысына қарай бөлінуі тиіс екенін атап өтті.

«Партия әйелдер қауымын үнемі қолдап келеді. Мәселен, жақында алғаш рет әйелдер форумы өтті. Сондай-ақ партия жанынан әйелдер қанаты құрылады. Мен сияқты қыздардың депутат болуға мүмкіндігі пайда болды. Партия шәкіртақы мөлшерін көтеруге де, грант санын арттыруға да, жатақхана салуға да атсалысады. Партия мұның бәрін жастар қауымы үшін жасап жатыр. Сондықтан, «AMANAT»-қа дауыс беретін болсаңыздар, партия осындай игі істерін ары қарай жалғасытарды», - деді ол.

Үгіт-насихат науқаны басталғалы бері партиялықтар 2,5 млн қазақстандық қатысқан 20 мың іс-шара өткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 15 мыңға жуық  ұсыныс-пікірі келіп түсті.

Айта кетейік, «AMANAT»-тың Республикалық сайлауалды штабының құрамына партияның 486 белсенді жақтаушысы кірді. 226 өңірлік және аумақтық сайлауалды штабтарға 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Бұл жұмысқа үміткерлердің 27 мыңнан астам сенімді өкілдері қосылды.

«AMANAT» партиясы мүшелерінің 60%-дан астамы – әйелдер. Сайлаудағы партиялық тізімнің үштен бірін қыз-келіншектер құрап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтіп, оның қорытындысы бойынша партия барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3821 және ҚР Парламенті Мәжілісіне 119 кандидат ұсынды. Еліміздің өкілетті органдарындағы «AMANAT» партиясының кандидаттары 75%-ға жаңарды.

Республикалық және 20 өңірлік сайлауалды бағдарламалардың толық мәтінімен, сондай-ақ «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың тізімімен «https://amanat2023.kz» сайтынан танысуға болады.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

“AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір