09 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Азаттық
Қытайдың Шыңжаң аймағында абақтыда отырған дінтанушы Бақытхан Мырзан 61 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық оның туыстарына сілтеме жасап хабарлады.
Осыған дейін Бақытхан Мырзанның қарындасы Алмахан Мырзан Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында талай рет пикетке шығып, ресми Пекиннен ағасын босатуды және Қазақстанға келуіне рұқсат беруді сұраған.
Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Мырзанның қазасы жөніндегі хабарға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.
Алмахан Мырзан ағасы 2018 жылы діни рәсім атқарғаны үшін 14 жылға сотталғанын айтқан. Қытайда тұратын туыстары Бақытхан Мырзанның денсаулығы нашарлап кеткенін айтып, үйқамаққа босатуды сұраған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір