• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:43:05
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу барысында Қазақстаннан кетіп қалмақ болған, деп мәлімдеді прокурор Альмира Қожахметова. Бұл туралы КазТАГ жазды. 

Бұған дейін адвокат Әсел Рабатова Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бұлтарпау шарасын жеңілдетуді сұраған болатын.

"Гүлмира Сатыбалдының қамауға алынғанына бір жылдан асты. Әйел адам ретінде оған толықтай оқшаулану қиын. Бес немерелі әже, мінезі жақсы, тұрақты тұратын жері бар. Алдын-ала шақырту бойынша барлық сот отырыстарына қатысуға дайын, сондықтан бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе кепілге ауыстыруыңызды сұраймыз", - деді Рабатова.

Бірақ прокурор Гүлмира Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу уақытында елден кетпек болғанын, сол себепті бұлтартпау шараларын жеңілдету мүмкін емесін айтты.

Еске сала кетейік Гүлмира Сатыбалды 2017 жылғы Универсиада нысандарын жөндеуге арналған қаражатты жымқырды, адам ұрлау және рейдерлікпен айналысты деген күдікпен айыпталған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сатыбалды тергеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір