• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 01:27:57
Алматы
+12°

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді.  Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір