• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:42:08
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласына іс–сапармен келген премьер–министр Әлихан Смайылов "Champіon" спорт кешенінің таныстырылуына барды. Бұл нысан қайырымдылық қорының қолдауымен салынған болатын. Сонымен қатар премьер–министр спорт кешенінде Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтің спорт саласы бойынша жоспарларымен танысты.

"Мұндай спорт нысандары қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізеді. Дене шынықтыру нысандарын арттыру үшін жеке инвестиция тарту керек. Сондықтан басқа кәсіпкерлердің әлеуметтік жобаларды қаржыландыруына да үлгі көрсетіп отырсыздар. Қай жағынан алып қарасақ та, бұл нысанның маңызы зор" деді премьер–министр спорт нысанының таныстырылуында.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтің айтуынша, қала тұрғындарының 37 пайызы спортпен шұғылданады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер саны 383 мыңды құрайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жыл сайын 3 дене шынықтыру орталығын салатын боламыз. Сонымен қатар 7,7 млдр теңге бөлінген аты шулы ат спортын да қолға алудамыз. Биыл 3000 нан астам спроттық шара өткізу ойымызда бар, оның ішінде 35-і халықаралық дәрежедегі сайыс болмақ. Республикамыз үшін аса маңызды "Медеу" спорт кешені мен Орталық стадионды модернизациядан өткізу жоспарлануда, сондықтан мемлекет тарапынан қолдау күтеміз" деді Арман Қырықбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір