• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 06:35:38
Алматы
+12°
 

Алматының төрінде еліміздің ең белді кәсіпкерлері бас қосты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шараның өтуі тегіннен емес. Мақсат – түрлі салада кәсіптің тасын домалатып жүрген азаматтарды біріктіру, өзінше бизнес-орта ұйымдастыру.

«Бүгін Алланың қалауымен еліміздегі әр қаладағы кәсіпкерлердің басын қосып, дастархан жайдық. Біреудің сататын заты бар, біреудің зауыты бар. Әр-қайсысы бір-бірін танып, Совет үкіметінде кооператив болды ғой, сол сияқты, бірігіп жұмыс істесе, біз өсе аламыз. Сол үшін біздің мақсат оларды бір-бірімен таныстыру», – дейді кәсіпкер Бахтияр Өсербекұлы.

Айтулы шараға 100 түрлі саланың басын ұстаған 140-тай кәсіпкер келген. Әрбірі - 300-дей адамға жұмыс беруші. Бүгінде олар Қазақстанның ғана емес, ТМД нарығын түгел қамтып отыр. Яғни, өз ісінің озықтары.

«Мен бизнес-тур ұйымдастырып жүргендіктен қазір жаңа мүмкіндіктер іздеймін. Мысалы, тағы кімдерді апарсам болады, оларды қалай біріктірсем болады деген секілді. Бұл жерге келген әр адам, өзінің іздегенін табады деп ойлаймын. Қазақта көп мәселелер шәй үстінде, адал астың үстінде шешіледі ғой. Сондықтан кәсіпкерлердің осылай бір ортаға жиналғаны, мені қуантып отыр. Өйткені бұрын алыпсатар, коммерсант деп бастары бірікпеді немесе оларды біріктірмегендер болды. Ал қазір міне кәсіпкерлер осындай орта құрып жатқандарына мен ризамын», – деп қосты кәсіпкер Өркен Қожахмет.

Бұл бизнес ортаға қосылудың өзіндік талаптары бар. Бастысы – адал бизнес жүргізу, дейді игілердің басын қосқан кәсіпкер Әсет Жұмақұлов.

«Бұндай ивенттер бізде жылына 4-5 рет өтеді. Жиналған адам саны 150 мен 350-дің арасы. Еркін форматта, ешқандай маскасыз, барлығы қарапайым. Біздің талап ол адамның бизнесі таза болу керек. Халал дейді ғой. Екіншісі, біреуге жамандық жасамаған болуы тиіс. Үшіншісі, жұмысшыларының қамын ойлайтын адам болу керек. Төртіншісі, біз оның қандай әріптестік қарым-қатынаста болғанын сұрастырып білеміз. Сосын біздің ортамызға қосылу үшін оның табысы айына 10 млн. болуы керек», – деп түсіндірді ол.

Бұл – достық тойы, кәсіпкерлік орта қалыптастырған қазақ жігіттерінің қауымдастығы, бауырластық орта. Тәжірибе алмасып, бір-біріне демеу беру, бизнес ортаны кеңейту. Елі үшін еңбек етіп жүрген жүректі жігіттердің басын қосқан игі шара алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы той кәсіпкер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір