• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 14:54:10
Алматы
+12°

2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады

Оның хабарлауынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан - 50,0%), 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанған. 2023 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір